Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары құқық қорғау салаларында да жүргізілуде. 2015 жылдың 27 наурызында Жамбыл облыстық Төтенше жағдай Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының» негізгі мақсаттары мен міндеттері, биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың басымдықтары туралы кездесу өткізілді. Қоғамдағы түйіткілді мәселелердің бірі саналатын – сыбайлас жемқорлық түсінігі мен бүгінгі күні қалыптасқан жағдайлар және заңнамалық тұрғыда мәліметтер айтылып, өрт сөндірушілер өздерінің жеке пікірлерін айтып өтті. Сондай-ақ, жемқорлықтың жағымсыз көріністері туралы бейнеролик көрсетілді.
0
0
477

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары - Yvision.kz