Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті кездесу өткізді.
А.ж. 12 қазанда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы шеңберінде мобильді тобы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті кездесті.
Мобильді топ мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Даулеткерей Рахметуллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат туралы әңгімелеп, жемқорлыққа қарсы әрекет жасау - әр азаматтың міндеті туралы атап өтті. Қатысушыларға бейнероликтер көрсетілді.
