Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы ЖШС «АБК – Максат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді

А.ж. 2 тамызында мобильдік топ ЖШС «АБК – Максат» өкілдерімен кездесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуді және азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскин негізгі қағидасы «Пара бермеу және пара алмау» болып табылатын, өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру екендігін атап өтті.

Мобильдік топ спикерлер Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы - Сарсенбай Мынбаев, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы - Серик Кульбаев қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымыға және кез келген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

0
0
369

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы ЖШС «АБК – Максат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді - Yvision.kz