Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Казпошта» АҚ орталық аппараты және оның филиалдарының қызметкерлерімен онлайн режимінде кездесті
Ағымдағы жылдың 23 маусымында мобильді топ «Казпошта» АҚ орталық аппараты және оның филиалдарының қызметкерлерімен онлайн режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді.
Іс-шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Нүсіпұлы Күлбаев қатысты.
Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз пікірлерін ортаға салды және осы мәселеде қатысушыларды азаматтық тұрғыда белсенді ұстаным жасауға шақырды.
Іс-шара барысында белсенді диалог жүргізіліп, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
