Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Астана қаласының Статистика департаментінің ұжымымен кездесу өткізді

А.ж. 17 шілдеде мобильді топ Астана қаласының Статистика департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, "Нұр Отан" партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Көлбаев 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның негізгі ережелерін түсіндіріп өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Спикерлер қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымыға және кез келген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

0
0
393

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Астана қаласының Статистика департаментінің ұжымымен кездесу өткізді - Yvision.kz