Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Шортандыда
А.ж. 7 қыркүйекте «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Шортанды аудандық мәдениет үйінде шортандылықтар мен аудан қонақтарына Бектас Кәрімұлының жеке көрмесі ұсынылды.
Көрменің экспозициясында суретшінің «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 20-дан астам картиналары, плакаттары ұсынылды. Барлық жұмыстар айқын және әдемі орындалған және автордың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жеке көзқарасын білдіреді.
