Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Мақсат: Халықтың сыбайлас жемқорлық белгілерін қабылдамайтын бөлігін ұлғайту
Міндеттері: 1) Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру
2) Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру
3) Оқушыларды, студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру
Негізгі проблемаларды талдау. Қазіргі қоғам студенттердің кәсіптік даярлығына білім талаптар қойып отыр. Қалыптасып отырған жағдайда қызметтің алуан түрлерін сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай атқару қажеттігі, тұлғаның өз қызметінің мақсаты мен оның әлеумет үшін салдарын түсінуі өзекті. Бұл білім беру процесінің маңызды мақсаттарының бірі болашақ мамандардың санасына кез келген кәсіптік және жеке міндеттерін шешу кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қағидатына негізделген ойды сіңіруді білдіреді. Тиісінше, сыбайлас жетқорлыққа қарсы мәдениет жағдайында адам қызметінің ерекшелігін ескеретін мәдениеттің ерекше түрін қалыптастыру қажеттігі туындайды. «Жас кәсіпқойлар қоғамы» Республикалық ҚБ Еуропа Одағы қаржыландыратын «Жоғары білім сапасына қатысты шешімдер қабылдау процесіне қатысатын Қазақстан жастарының әлеуетін көтеру» жобасы аясында қазақстандық студенттер арасында жоғары оқу орынларындағы сыбайлас жемқорлық бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 55% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар екендігін растады, бұл ретте студенттердің айтуынша, емтихан немесе сынақ үшін пара алу кең тараған. Сондай-ақ, кітап немесе оқу материалдарын сатып алу, қызмет көрсетуді талап ету секілді бопсалаушылық түрлері де бар. Жатақханаларда орын бөлудеде ашықтық жоқтығы орын алған. «Егер студенттер сыбайлас жемқорлық туралы хабардар етсе, әкімшілік қандай шаралар қолданады?» деген сұраққа көптеген респонденттер бұл жайында біреудің шағымданғаны туралы білмейтіндерін (46,7%) айтса, бірқатары жауап беруге қиналған (23%), ал 9% әкімшіліктің мұндай хабарды елемейтінін атап көрсетті, 9% бұл жайында талқыланғанымен, кейіннен аяқсыз қалатынын хабарлады, тек 12% ғана басшылықтың пара беруге мәжбүрлеген оқушыларды қызметтен босатынын айтты.
Сондай-ақ, көп ретте сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық азамататардың құқықтық сауаттылықтарының аздығынан болып отыр. Азаматтардың өз құқықтарын білмеулері ниеті жаман адамдардың осыны өздерінің алаяқтық мақсаттарына пайдаланып, осыдан баюға мүмкіндік береді.
Шешу жолдары. Жоба субъектілерімен олардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттарын көтеру бойынша жүйелі және ауқымды жұмыс жүргізу, жалпы көпшілікте сыбайлас жемқорлықты айыптайтын сана қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дәріптеу. Жоба субъеутілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне, өзгерістердің «агенттеріне» айналдыру.
