ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті

А.ж. 3 сәуірде Департаменттің бастамашылық етуімен «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2017, ЖАСТАР ҚУАТЫ» фестивалінің аясында «Парасыз болашаққа.Бірге!»  форумы өтті.

Форумның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлде төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, облыс тұрғындарының адамгершілік және мәдени әлеуетін сақтау және көбейту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгіштік сезім,  жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Департамент басшысы Б.Беспалинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті екеніне айрықша тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы: «Біз үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу алу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан Елбасы өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы» - кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы» Стратегиясында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атады.», - деп сөзін қорытындылады.

Форумға облыстың жоғары оқу орындарының студенттері, қоғамдық ұйымдардың жастар ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Облыста ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы жұмыс істейтіндігін атап өткен жөн. Топ құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері енген.

Мобильді топ 5рет сапарға шығып, еңбек ұжымдарымен 1004 адам қатысқан 11 кездесу өткізді.

Департамент госслужбы