Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың ісі

А.ж. 30 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша сатистика Департаментінің ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты.

Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.

Сонымен қатар, ұжымға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттауға бағытталған, жоғарғы деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастру тақырыбындағы  бейнежазбалар көрсетілді.

Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс шараға 50 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
329

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың ісі - Yvision.kz