Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Су айдындарын балықтандыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл балық питомнигі 2014 жылдың 15 сәуірінен бастап Сергеев су қоймасын балықтандыру жұмыстарын бастады.
Қазіргі таңда су қоймасына 23 млн. данадан астам сиг тұқымдас балықтардың дернәсілдері жіберілді. Балық ресурстарының өсімін молайту бойынша 2014 жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі 96 млн. дана шабақты құрайды.
Кәсіпорынның жұмыс кестесіне көктемнің жылылығы әсерін тигізді. Балық дернәсілдерінің биылғы шығу мерзімі былтырғы жылмен салыстырғанда үш аптаға ертерек басталды.
Осы орайда балық өсіру мамандары тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті.
ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің балық шаруашылығы комитетіне қарасты өндірістік кәсіпорындар шабақтарды өсіріп, су қоймаларын балықтандыру жұмыстарын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау және молайту жөніндегі бюджеттік бағдарлама аясында жүргізеді.
«Петропавл балық питомнигі» РМҚК сиг тұқымдас балық (көкшұбар балық) дернәсілдерін өсіруге мамандандырылған.
Балық питомнигі 1964 жылы салынған. Шаруашылықтың жалпы ауданы 63,7 га. Тоғандар жалпы ауданы 48,62 га алқапты алып отыр, оның ішінде 5 өсіру тоғаны, жазғы аналық тоған, карантиндік тоған, қыстау тоғандары және су жинау тоғаны. Тоғандар Есіл өзені суымен толтырылады.
ҚР ҚОСРМ баспасөз-қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/103-18/

0
0
640

Осы тақырып бойынша

Су айдындарын балықтандыру туралы - Yvision.kz