ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Студенттік білім беру кредиті


Білім алу – қазіргі заманда адам өміріндегі маңызды кезең!

Білімнің арқасында кез келген азаматтың алдында жаңалыққа, үлкен мүмкіндіктерге тікелей жол ашылады!

Бүгінде білім беру жүйесінде тегін білім алу үшін керемет мүмкіндіктер болғанымен, көптеген адам ақылы негізде білім алады.

Бүгінде ЖОО-ларда оқудың құны шарықтап тұр:

· ЖОО-ларда әлдеқайда қымбат, жылына шамамен 500 000 теңге болса, 4 жылда бұл сома 2 000 000 теңгені құрайды. Ал кейбір ЖОО-ларда оқудың бір жылдық құнының өзі 2 000 000 теңгеге жетеді.

Ал Қазақстанның аймақтарында орташа айлық жалақы 100 000 тенгеге де жетпейді.

Осыған қарап-ақ, көптеген отбасының баласын оқытуға жағдайы жоқ екендігін түсінуге болады.

Осыдан, ата-аналар жағдайдан шығудың бірнеше амалын қарастырады. Олар:

· баланы мүлдем оқытпау;

· таныстарынан қарызға ақша алу;

· не отбасы үшін маңызды, тұрақты басқа шығындарды қысқарту (азық-түлік, киім және т.б.);

· не банктерден өте жоғары пайыздармен және өтеу мерзімі қысқа жедел несие алу.

 

Осыдан, бұл амалдардың бірде біреуі жағдайдан шығуға қолайлы еместігін көреміз, әйтсе де өз баласына білім алуға мүмкіндік беру – әр ата-ананың парызы!!!

Білімдінің күні - жарық, білімсіздің күні –қаріп!

 

Мәселен, бала лайықты білім алмайды делік, сонда оның күні не болмақ? Ол қандай жолға түсуі мүмкін?  Ол жұмыс таба ма (өйткені, жұмысқа тұру үшін қойылатын міндетті талап – білім)?

Оқудың ақысын қалай төлеуге болады? Шешім табылды! Білім беру кредиті.

Осы мақсатта Қазақстанда білім алуға мемлекеттік қолдау көрсетудің құралы ретінде мемлекеттің кепілдігімен білім беру кредиті бағдарламасы құрылды.

Сонымен, мемлекеттің кепілдігімен берілетін білім беру кредитінің әдеттегі тұтынушылық несиелерден немесе мемлекеттің қатысуынсыз берілетін кепілзатсыз кредиттерден айырмашылығы неде?

- пайыздық мөлшерлемесі нарықтық мөлшерлемеден төмен – 15 %-дан, кепілзатсыз несиелердің мөлшерлемесі 28% және одан да жоғары;

- несие мерзімі ұзақ – 12 жылға дейін, келізатсыз несиелер ең ұзақ дегенде 3-5 жылға дейін;

- кредиттің сомасы шектеусіз, бастысы, оқудың барлық кезеңі үшін оқудың құнынан аспауы тиіс, кепілзатсыз несиенің сомасы шектеулі және қарыз алушының жалақысына байланысты;

- оқу кезеңіне және оқуды бітіргеннен кейін 6/12 айға кредитті өтеу мерзімі ұзартылады, кепілзатсыз кредитте несиені өтеу бойынша мерзім ұзартылмайды.

Сонымен қоса, білім беру кредиттерінің тағы бірқатар артықшылықтары бар, атап айтсақ:

- кредит талапкердің/студенттің өзіне ресімделеді. Яғни, ата-ана жыл сайын баласының оқуына ақша табудың амалын іздеп, алаң болмайды. Бала Қаржы орталығының қолдауымен өзі оқуына кредит ресімдейді және оны оқу бітіргеннен кейін 6/12 айдан соң өтейді.

- кредитті қажеттілігіне қарай семестр сайын алуға болады. Кредиттің сомасы оқу орынның есепшотына аударылады;

- оқудың құнына байланысты Қазақстанның кез келген ЖОО-ны таңдауға мүмкіндік бар;

- кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде Қаржы орталығы өкілдік етеді.