Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Студенттер күзгі өнімді жинауға көмектесуде

Павлодар облысына "Серпін" бағдарламасы бойынша келген 40 студент пен жергілікті 30 студент Павлодар ауданының Черноярка ауылында фермерлерге күзгі өнімді жинауға көмектесуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Жастар бастамаларын дамыту орталығы ақпараттық консультативтік бөлімнің жетекшісі Төлеген Айтбаевтың айтуынша, ауарайының жауын-шашынды болуына байланысты жастар шаруа қожалықтарына өз көмектерін ұсынған. Фермерлер болса, студенттерге тиісті еңбекақы төлейді.

- Таңертеңгі сағат сегізден бастап кешкі төртке дейін жастар алқаптарда картоп пен сәбіз жинайды, - дейді Төлеген Айтбаев. Айта кетерлігі, Павлодар ауданының фермерлеріне күзгі өнімді дер кезінде жинау үшін жұмысшылар саны жеткіліксіз болған.

1
0
1276

Осы тақырып бойынша

Студенттер күзгі өнімді жинауға көмектесуде - Yvision.kz