Спорт шеберлігіне құжаттар тапсыру мүмкіндігі
Халықтың дене белсенділігінің жоғары дәрежесі мен саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін қолдау арқылы оларды спорт пен дене шынықтыруға жұмылдырудың өзектілігі айқын. Бұған өз кезегінде спорттың ұлттық және дәстүрлі түрлерін дамыту барысында қол жеткізуге болады. Өйткені, ұлттық спорт – спорттың олимпиадалық түрлерінің өкілдері үшін үздік селекциялық қор немесе «қызық үшін қатысатын үйірмелердің» бірі ғана емес, ол біздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға және дамытуға қажет мәдениетіміздің атаулы бөлігі. Бір жағынан спорттың бұл түрлерін сақтап, дамыту барысында мемлекет адамдарға таңдаудың мол мүмкіндіктер мен қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Осы орайда, ХҚКО арқылы «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы» мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 1,2,3 спортшы разрядын беру үшін төмендегідей құжаттарды орталыққа тапсыруы қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;
3) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Құрметті оқырмандар толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
