Созақ аудандық партия филиалы үміткерлері ардагерлермен кездесті
Созақ ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы үміткерлері ардагерлермен жүздесуі өтті. Филиал ғимаратында өткен аудан қарияларымен жүздесуде «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Әлжанов Ролан Ізбасарұлы ардагерлерге алдағы атқарылар жұмыстардың жай-жапсары жөнінде жан-жақты түсіндіріп берді. Сайлау науқаны кезінде бір кісідей қолдау білдіріп, аудан жұртшылығының ынтымағы мен бірлігіне, ауызбіршілігіне жұмыс жасап, кез келген ортада қариялардың байсалды пікірі, салмақты ақылы мен парасаты керектігін филиал төрағасының бірінші орынбасары атап өтті. Ардагерлермен кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманбек Мұсабек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабылбек Еспенбетов аудан ардагерлері атынан партияның бірнеше бағыттардан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламасында бойынша қолдарынан келгенше жұмыстар жасап қолдайтынын атап өтті. Алдағы күндерде штаб мүшелері,кандидаттар аудан ардагерлерімен бірлесе отырып, аудан жұртшылығына партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау, түсіндіру жұмыстары негізінде жұмыстар атқаратын болады.Кездесу барысында ауыл ақсақалдары аудандық үміткерлерге ақ батасын беріп,алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының баспасөз қызметі
