Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот төрелігінің мінсіздігі – құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі буыны

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын   құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты.

А.ж. 9 тамызда Соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың 2016 жылға арналған ведомствоаралық жоспардың 3-тармағын, сондай-ақ Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың 13-тармағын орындау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен  Бурабай ауданы әкімдінің аппаратында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбындағы  ауданаралық  дөңгелек  үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметкшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру,  имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту. Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.

Іс-шараға Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Зеренді, Сандықтау аудандарының және  Степногорск қаласының әділет, мемлекеттік кіріс басқармаларының, прокуратураның, ҰҚК, қорғаныс істері департаментінің, соттың және жергілікті полиция қызметінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

0
0
380

Осы тақырып бойынша

Сот төрелігінің мінсіздігі – құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі буыны - Yvision.kz