Сонымен... солай дейік. Жылқы, қымыз бір мұра
Қазақ қай кезде болмасын, судың тұнығын ішіп, малына шөптің шүйбінін беріп, төрт түлігін түгендеп жүрген халық. Төрт түліктің ішінде жылқыны ерекше баптап, бие сауып, қымыз даярлаған халық. «Арудан асқан жан ба ма? Жылқыдан асқан мал бар ма? Биенің сүті – сары бал, қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тегін айтпаса керек.
