Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сочи Олимпиадасына киім тіктіруге 90 млн теңге шамасында қаржы жұмсалмақ

Фото Азат Есембековтікі, BNews.kz

 

Сочи Олимпиадасына баратын спортшылардың киімін тіктіруге 90 млн теңге шамасында қаражат жұмсалмақ. Бұл жөнінде бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ванкуверде өткен Олимпиадаға бір спортшыны киіндіру үшін 370 мың теңге шамасында қаржы жұмсаған едік. Бір киім жиынтығына отызға жуық әр түрлі киім кіретінін айта кетейік. Ал Сочи Олимпиадасына баратын ұлттық құраманың спорттық киімін тіктіру үшін бір спортшыға кемінде 500-600 мың теңгедей жұмсаймыз деп отырмыз. Тек мемлекет қаражаты ғана емес, демеушілерді де тартамыз. Әрі кеткенде 5 мың доллар, одан көп болмайды», — деді баспасөз мәслихаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Ол жалпы Сочи Олимпиадасына 150-дей спорттық киім жиынтығын тігу көзделіп отырғанын атап өтті. Қазақстан құрамасының киім үлгісі қонақтарға, атап айтсақ, халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелеріне де тарту етілмекші.

 
0
0
284

Осы тақырып бойынша

Сочи Олимпиадасына киім тіктіруге 90 млн теңге шамасында қаржы жұмсалмақ - Yvision.kz