Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс, 6-қабат, № 612 кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) немесе баламалы негізде мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.emer.kz, «Рұқсат беру рәсімдері» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді бақылау комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) интернет-ресурсында;
3) Комитет пен орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде және ақпараттық тақталарда орналастырылады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты 1414 call-орталығы немесе 8 (7172) 74-96-59 телефон нөмірі арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі шығарылатын өнімге ұйым стандартының жобасын келісу туралы хат және ұйым стандартының жобасына қол қою немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы Комитетке немесе орталыққа жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – күнтізбелік он бес күн (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады);
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут. 
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Жылжымалы орталықтар Орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты сағат құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:
1) Комитеттің ғимаратында. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсаттама бюросында берілетін бір реттік рұқсат қағазы арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефонмен берген өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқықтық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған;
2) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтардың ғимаратында. Залда анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Ғимаратта физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жағдайлар (күту креслолары, стенділер) қарастырылған.

ХҚКО Қордай аудандық бөлімі

 
0
0
428

Осы тақырып бойынша

«Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - Yvision.kz