Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Шектеулі" деген шектеу емеснемесе «Кедергісіз келешек" жобасы қалай жүзеге асуда?

Бала – ұлт келешегі. Олардың денінің сау, жан дүниесі кемел, таным-таразысы бай болуы болашаққа салынған ең үлкен капитал. Міне, осындайда қазақ «Балам – болашағым» дейді.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы кемел болашақ үшін «Кедергісіз келешек» жобасын қолға алған еді. Сол жоба негізінде Алматы облыстық филиалдың ұйымдастыруымен «Rakhym» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығымен бірлесу нәтижесінде иппотерапия орталығы ашылды. Қаскелең қаласындағы орталықтың негізгі қызметі ерекше күтімді қажет ететін балаларға психофизиологиялық белсенділігін дамыту. Соңғы екі жылда орталық 80 балаға иппотерапия бойынша қызметтер көрсетілді. Нәтижесінде, мүгедектігі бар балалардың вестибулярлық және тірек –қимыл аппаратының, барлық бұлшықеттерінің жұмыс істеуі жақсарып, вегетативті жүйке жүйесіне оң әсерін тигізді.

Партия «Кедергісіз келешек» жобасын 7 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жоба мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, «шектеулі» дегенді шектеу болмайтындай қоғам қалыптастыруды жүзеге асыру. Мәселен, пандустардың сәйкестігі. Бұл қоғамда жиі талқыға түсіп, жиі көтерілетін мәселе. Партия мұнан өзге ғимарат, нысандардың мүгедектерге қолайлығы, іс-шаралар арқылы қоғамдық саяси шараларға тарту жұмыстары, заң нормативтік құжаттары арқылы қажетті заңдарға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу секілді түрлі бағытта жұмыс істеп келеді.

0
0
235

Осы тақырып бойынша