Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шахмат-дойбы турнирі

«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны және қарттар айлығы аясында а.ж. 11 қазанда Степняк қ. спорттық кешенінде шахмат-шашкадан жарыс  болып өтті.

Жарысқа ауылдық округтер мен Степняк қаласының егде жастағы тұрғындары қатысты. Тартысты жарыс нәтижесі бойынша шахмат жарысында Үлгі ауылдық округінің тұрғыны Балғаожин Мелс жеңімпаз атанса, екінші орынды Қалиақпаров Қайыргелді және үшінші орынды Степняк қ. тұрғыны Нұртілесов Бекет иеленді.

Шашкадан жарыста бірінші орынды М.Ерхатов, екінші орынды Д.Әлжанов және үшінші орынды А.Мерейхан иеленді.

Жарысқа қатысушылар және де жеңімпаздар аудандық спорт бөлімінің грамоталарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

     
0
0
1219

Осы тақырып бойынша

Шахмат-дойбы турнирі - Yvision.kz