ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сериалдың кесірі...

Кезінде ата -анамыз теледидардан қорыққан дейді. Тегінде жәй қорыққан болмай тұр ғой. Біліп кеткен іс қазір біз үшін, жастар үшін көп кесірін тигізіп жатыр. Былай қарап отырсаң адамның өзі де түсінер. Бәрін бірдей деп айта алмаймын, бірақ бүлініп жатқандар да бар. Сөзді көпке созбай бір - екі мысал келтіре кетейін. Бірінші біз күнделікті көріп жүрген "Жетім жүрек' телесериалын алып қарайық. Ондағы бас кейіпкер Гүли ақыл айтқыш деп тыңдағымыз келмейді, мен оны көріп тыңдасын деп жатқаным жоқ. Керісінше ондағы жағымсыз кейіпкерлердің ісіне қайран қалып солардан үлгі алғысы келетіндер баршылық. Сол жаман қылықты өмірде қолданып, кім маған не дейдіні айтатынды да көрдік. Ал дәл сол арнада болатын "Махаббат дертін" де біз көпшілігіміз қызығып көріп жатамыз. Оны неге жастарымыз көруге құштар деп ойлап, ондағы ғашытық хикаясы, ерлі зайыпты бола тұра әйелі күйеуінің ағасының баласымен көңіл қосуын өзімізге жат көрмей, осылайда болады екен. Ендеше мен де бір қиындыққа тап болсам деп түртіп алатын сындымыз. Көңілге келсе де ата - бабамыздың салтын біле тұра, сондай іске құмар жанды қарап, осы кезге дейін берілген білім мен тәрбие қайда деп ойлайсың. Ондайлар қызық үшін немесе көңіл көтеру үшін бағдарламаларды көргенмен, өзіне бір түйір де болсын көрсетілген жақсылықты алады деп айта алмаймын. Сондықтан өзіміз не балаларымыздың не көріп, не тыңдайтынын қадағалаған дұрыс болар.