Семей полигонының жабылуына 30 жыл.
Семей полигонының жабылуына 30 жыл.
Семей ядорлық сынақ полигонының жабылуына биыл 30жыл толды. 40 жылдан астам уақыт халыққа зардабын тигізген полигон Елбасының бастамасымен 1991 жылы 29 тамызда жабылды.
Осылайша егемендігін енді алған Қазақстан бүкіл әлемге ядорлық қарудан ерікті түрде бас тартқан бейбіт өмірдің жаршысы ретінде таныла бастады. 29 тамыз- тарих бетіне халыққа қасірет пен үміт сыйлаған күн ретінде жазылады.
Осыған орай "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы және Панфилов аудандық Жастар Ресурстық орталығының бірлесуімен "Семей полигонының жабылуына 30 жыл" атты дөңгелек стол өткізді.
Отырысты Семей өңірінде жүргізілген сынақ полигоны жабылғанымен, одан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау, сауықтыру мен оңалту шаралары туралы, елде заманауи медициналық қызмет көрсетілуі тиіс деген оймен аяқталды.
