Семей қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті
Бүгін Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінде «Қазақ даласындағы Ресей мемлекеті бекіткен заңдар және Қазақ елінің құқықтық жүйесі мен сот қызметі, билер дайындаған ережелер (ауылдық, болыстық және төтенше билер сотының жұмысына қатысты), Абай Құнанбайұлы жазған «Қарамола» ережесі т.б. заңдардың Қазақ елінің құқығы мен билер сотын жаңғыртуға қосқан үлестері» тақырыбында аймақтық ғылыми конференция өтті.

