Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайөтес ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова

Сайөтес ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ж.Ешманов және аудандық сайлауалды штабтың мүшесі М.Тұрсынбаев ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар ауылға қатысты түрлі мәселелерді қозғап, ой пікірлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, газ мәселесі көтерілді, сондай-ақ ауылдық мәдениет үйінің кішкентайлығы сөз болып, ауылға мәдеиет үйін салу сайлауалды бағдарламаға енгізілгендігін қаперге берді. Сонымен қатар, кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларын басты бағыттары туралы айтылып, сайлауға бірауыздан белсенділікпен қатысуға шақырды.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Сайөтес ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова - Yvision.kz