Сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй!
23- 27 мамыр аралығында Жастарға қызмет көрсету орталығында (Ломов көш. 38) «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-нан Сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады.
Аталмыш бағдарламаға тек ЖАО (жергілікті атқарушы орган) кезегінде тұрғандар, яғни, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабы 1 тармағының 1-1),2),3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар санаты қатыса алады, сонын ішінде:
- Көпбалалы отбасылар;
- Толық емес отбасылар;
- Мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Ата-ананың қамқорлығынан айрылған жетім балалар;
- Оралмандар;
- Мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, әлеуметтік мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік мекеме қызметкерлері.
Жалға алу мерзімі 20 жыл, мерзім өткеннен кейін тұрғын үй жалдаушы меншігіне өтеді; 5 жыл өткеннен кейін тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі, табыс жетіспеушілігі жағдайында кепілгерді тарту мүмкіндігі қарастырылады.
Біздің мекен-жайымыз: Ломов көш. 38, 1.01 кабинет.
Құжат қабылдау уақыты: 9:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

