Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сапар нәтижелері бойынша РФ Ульянов облысында Корпоративтік университет ашылды

А.ж. 24 тамызда  РФ Ульянов облысы делегатының сапары аясында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының (бұдан әрі – Оқыту орталығы) қызметімен таныстыруды ұйымдастырды.

Оқыту орталығында еңбек ұжымымен және тыңдаушылармен кездесу өтті, Ресейлік  қонақ Орталықтың материалдық-техникалық базасымен, әдістемелік жұмысымен, сондай-ақ, Орталықта қолданылатын заманауи оқыту әдістерімен танысты.

Ульянов облысының 2044 жылғы осындай сапарынан кейін Оқыту орталығының іс-тәжірибесі Ульянов облысының тәжірибесінде жүзеге асырылып, «Ульянов облысының корпоративтік университеті» қосымша кәсіби білім беру ұйымы» автономиялық коммерциялық емес ұйымы ашылғанын айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп,  2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
339

Осы тақырып бойынша

Сапар нәтижелері бойынша РФ Ульянов облысында Корпоративтік университет ашылды - Yvision.kz