Салық және кеден заңнамаларын түсіндіру аясында ақпаратты бейнесеминар арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден заңнамаларын түсіндіру аясында бейнесеминарлар өткізеді. Алдағы бейне семинардың тақырыбы: «ЕЭО шеңберіндегі импорттық тауарларды әкімшілендіру».
2015 жылғы 23 қаңтар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден заңнамаларын түсіндіру аясында бейнесеминарлар өткізеді.
Бейнесеминардың тақырыбы мен өткізу күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында жарияланатын болады.
Бейне семинар процесінде салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар нақты уақыт режимінде Комитеттің заң жобаларын әзірлеушілерімен және кәсіби мамандармен әңгімелесу мүмкіндігін алады.
Алдағы бейне семинардың тақырыбы: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі импорттық тауарларды әкімшілендіру».
Бейне семинардың көрсетілген тақырыбы бойынша сұрақтарды облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне немесе мына электрондық мекен-жайға [email protected] 2015 ж. 6 ақпанға дейінгі мерзімде жолдау қажет.
ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі
