Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Салауаттылық қағидасы

 

Уа, халайық  халайық!

Жамандыққа  бармайық,

Теңгеге  арақ  алмайық,

Саналы  өмір  сүретін

Жаңа  дәуір  бастайық.

 

Теңгеге арақ алмайық,

Уәдемізден таймайық.

Атадан қалған ас емес,

Ер жігіт екі сөйлемес

Қайтып оны татпайық.

 

Теңгеге арақ алмайық!

Қайталаудан талмайық.

Күннен-күнге молайып,

Ағып жатқан «ақ судың»

Айдынында ақпайық.

Термен келген теңгеге

«Жынды суға» тойып ап

Сырымызды ашпайық

 

Теңгеге арақ алмайық!

Несібесін әулеттің

Далаға біз шашпайық.

Тоқтықтың да жөні бар,

Қанағат қарын тойғызар

Осыменен тоқтайық.

 

Теңгеге арақ алмайық!

Ішпе деп біз зарлайық,

Мың күн сынбаған шөлмек

Бір-ақ күнде сырт етер,

Қазағымның басына

Қара бұлтты үйрілтер,

Қапыда біз қалмайық.

 

Теңгеге арақ алмайық!

Араққа салып ақшаны

Жатып алсаң шалқайып

Бұл бұлыңғыр заманда

Кетерміз боп біз ғайып.

Уа, халайық, халайық!

 

Теңгеге арақ алмайық.

Ар-ақ ішкен адамның

Ары ақ болмайды.

Жанып кеткір қу арақ

Сен У-сың деп,ау, халқым,

Ортасына ар-ақтың

Қойып қалсайшы У әрпін.

Сонда ғана арам сөз

Аузымыздам ажырап,

Қайтып келер адал сөз

Қасиетті АР-У-АҚ!

 
0
0
520

Осы тақырып бойынша