Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.

яғни жас ұрпақ тәрбиесі. «Не ексең соны орасың», – деген халық мақалы соның айғағы. Ұрпағыңды қалай тәрбиелесең отбасы да, мемлекеттің де болашағы, оның беріктігі осыған байланысты. Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.

Осы орайда бүгін «Салауатты жастар – салауатты ұлт» тақырыбында онлайн форматта спорттық марафон өтті. Атаулы марафонды ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арын Алпысбаев жүргізді. Марафонға ауданның жастары мен аға буын спортшылары қатысты. Кездесу барысында Арын Керімбайұлы салауатты өмір салты жайында өз ойын ортаға салып, жастардың пікірін тыңдады. Сонымен қатар аға буын өкілдері өздерінің спорттағы жеткен жетістіктерін айтып, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Марафонға қатысқан жастар спорттағы бұрын-соңды білмеген мәліметтермен танысып, спортқа деген құлшыныстарын еселей түсті.

0
0
163

Осы тақырып бойынша

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. - Yvision.kz