“Салауатты өмір салты”
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында және аудан көлемінде өткізіліп жатқан Наурыз мейрамының он күндігі аясында шымырлық пен шеберлік күніне орай ұйымдастырылған Кездесу кешінің қонақтары Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы, күміс, қола медаль жүлдегері, Грек-Рим күресінен бапкер Серғазиев Қасенхан Қырғауылбайұлы және СССР спорт шебері. Грек-Рим күресінен бапкер Қыпшақов Бағашар Кәтішұлы. Денсаулық- адам өміріндегі ең басты құндылық және адам өмірінің негізі. Осыған байланысты сұхбат барысында Серғазив Қасенхан Қырғауылбайұлы және Қыпшақов Бағашар Кәтішұлы салауатты өмір салты жайлы, сондай-ақ спорт саласындағы жетістіктері, көк туымызды көкте желбіретіп,шәкірттер тәрбиелеу мен сан қилы қызығы мен қиыншылығы бар спорт саласы туралы біраз әңгімелеп, келешек жастарымызға салауатты өмір салтына байланысты ақыл-кеңестерін білдіріп тамаша сұхбатымызды аяқтады. “Салауатты өмір салты” атты онлайн кездесу кешімізді оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Алмасқызы жүргізді.
#Тәуелсіздікке30жыл
