СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Б.Біләлов полиция қызметкері Ш.Ақымғалиевтің көңіл айтты
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамының, Ардагерлер кеңесінің атынан қаза тапқан полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиевтың отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.
Атырау облысындағы жас полиция сержантының ерлік әрекеті қазақстандық полицейлердің есінде қалады. Адам өмірін құтқару жолында жанын құрбан еткен жас полиция қызметкерінің ерлігі құрмет пен мақтанышқа лайық. Осындай асыл азаматты тәрбиелеген анасының алдында басымызды иеміз.
Өз қызметіне, еліне адал қызмет атқарған батыр ұлымыздың ерлігі ұмытылмақ емес!
СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
