Сұлулық және оның түрлері
Сәлем Уайвистанның тұрғындары! .) Менің бүгін қозғайын деп отырған тақырыбым "сұлулық" жөнінде болып отыр. Енді қазір көктем дегендей..барлық адамдар көбінесе осы мезгілде бір-біріне ғашық болып, өз сезімдерін әр түрлі жолмен білдіртіп жатады. Менің бір байқағаным..мына теледидардағы көптеген қазақ тіліндегі бағдарламаларда әдемілік, сұлулық туралы әңгіме қозғалса болды.. сұлулықты бірден екіге бөліп тастайды: "тән сұлулығы" және "жан сұлулығы" деп. Әрине бірінші сұлулық және әдемілік деген сөздерді ести салысымен, бірден көбіміздің ойымызға тән сұлулығы келеді. Барлығымыз да сыртқы әдемілікті, сұлулықты жақсы көреміз: сұлу адам, әдемі көлік, әдемі үй, әр түрлі әдемі бұйымдар, жалпы әдемі заттарды, тіпті өзіміздің де әдемі немесе әдемі бола тұра одан да сұлуырақ болуымызға қарсы емеспіз. "Бір көргеннен махаббат" дегенге сенетін де, сенбейтін де адамдар бар, ал "бір сөйлескеннен махаббат" немесе "бір әңгімелескеннен махаббат" дегенді өз басым мүлдем естіп көрген емеспін. Мен енді бұл жерде өздеріңіздің ойларыңызды қатты білгім келіп отыр. Төменге дауыс беруге тек екі нұсқа қоямын, себебі үшінші "екеуі де" деген нұсқаны қойсам, дауыс берудің қызық болмайтын түрі бар. Дегенмен де өзіңізге осы екі сұлулықтың қайсысы артығырақ? .) Көп-көп рахмет! .)
