Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте сілтеме бойынша қызметтің қажетті түріне өту, осыдан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады: І санат, ІІ санат, ІІІ санат.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында, алдын-ала электрондық цифрлық қолтаңбаны браузерге порттау (ЭЦҚ) .
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің қажетті түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
  5. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.

Маңызды! ҚР «электрондық лицензиялау» порталындағы жұмыс үшін ЭЦҚ браузерге импорттау қажет .

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады

Құжаттарды ұсыну

  1. Өтініш.
  2. Жарғының (экспорттық және импорттық операциялар есепке алынбайды) және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің  нотариаттық куәландырылған көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
  3. Жеке басын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
  4. Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған ккөшірмесі – жеке кәсіпкерлер үшін;
  5. Өтініш берушінің салық орғанында есепке қою туралы куәлігінің нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
  6. Жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
  7. Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны алу, қайта ресімдеу, құрылыс-құрастыру жұмыстарына лицензияларға телнұсқалар беру немесе бас тарту туралы негізді жауап

 
0
0
517

Осы тақырып бойынша

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру - Yvision.kz