Руслан Тулақбаев Skype арқылы "Ер есімі - ел есінде" тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Руслан Тулақбаев Skype арқылы "Ер есімі - ел есінде" тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды.
"Халқымызда есімдері жас ұрпаққа үлгі боларлық жерін жаудан, өз елінің өзгенің құлдығында болудан қорғаған батыр бабаларымыз көп болған. Бүгінгі ұрпақ сол батыр бабаларымызға Тәуелсіздігім және бүгінгі тыныш, бейбіт, уайымсыз күніміз үшін мәңгі қарыздармыз. Олардың ерлік істері біздің мәңгі есімізде",-деген партия үміткері аудан жастарына тарихымызды ұмытпай, әрдайым дәріптеуге шақырды.
"Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін",-деп партияның сайлауалды бағдарламасы рухани құндылығымызды бағалап, өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастыруды көздейтіндігін айтты.
