Руслан Мустапаұлының Азаматтарды жеке қабылдауы болды.
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Қайырымды 30 игі іс», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Аудандық мәслихат депутаты ТУЛАҚБАЕВ Руслан Мустапаұлының Азаматтарды жеке қабылдауы болды. «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіріп келген 5 отбасының мәселесі қарастырылды. Қабылдауда болған денсаулығына байланысты көмек сұрап келген көп балалы анамызға, 2-ші топ мүгедектігі бар азаматымызға және жалғыз басты көп балалы азаматшамызға қаржылай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар тағы бір жалғыз басты Анаға тұрғын үй мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағыт -бағдар берілді. Нәтижесінде барлық қарастырылған мәселелер оңтайлы шешілді.
Отбасылар өз тарапынан шексіз алғыстарын білдірді.
