Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша - партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік праймериз өтеді. Праймериз партия белсенділерін ашық таңдау арқылы Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау мақсатында өткізіліп отыр. Праймеризге өтініш білдірген үміткерлерді тіркеу 17 тамыздан басталып 28 тамызға дейін жалғасады. Одан кейін, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстары, сонымен қатар 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған. Өкінішке қарай бүгінгі таңда коронавирус пандемиясы өміріміздің барлық саласына әсер етуде. Бұл ішкі саяси процестерді де осыған бейімдеуді талап етеді. Өйткені азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін қорғау баршамыз үшін де негізгі басымдық саналады. Осыған орай, партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру механизмі қалыптастырылды. Пікірсайыстар партияның ресми аккаунттарында таратылатын «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілмек. Үміткерлер қатысу үшін primaries.kz сайты немесе өз тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық партия филиалында ақпарат ала алады. Жалпы, өңірімізде 93 мыңға жуық партия мүшелері бар. Оның 70% жуығын әйелдер, 15% жуығын белсенді жастар құрап отыр. Соған сәйкес Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарда осы азаматтар арасынан жастар 20%, әйелдер қауымы 30% болуына мүмкіндік жасалып отыр. Ендігі кезек жетісулық азаматтардың саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуінде. Праймериздің қорытынды кезеңінде - 1-3 қазан аралығында жетісулық нұротандықтар мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс бере алады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында дауыс беру учаскелері ашылады. Интернет байланысы қиындық тудырған елді мекен тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Егерде ел дамуы жолында оң өзгерістерге қадам басқыңыз келсе, Сізді жарқын болашақ үшін партиялық праймеризге қатысуға шақырамын.

Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы А.Баталов

Уважаемые жители Алматинской области!

По поручению Елбасы Н.Назарбаева, с 17 августа т.г.в нашей стране стартовал праймериз партии «Nur Otan». Впервые в истории партийно-политического развития страны праймериз партии пройдет в масштабе общереспубликанских внутрипартийных выборов. Цель праймериз - выявить на основе конкурентной борьбы реальных и сильных лидеров для дальнейшего формирования эффективного депутатского корпуса в маслихате и Мажилисе Парламента РК, продвижения по партийной линии и рекомендации на должности в государственные органы. Так, выдвижение и регистрация кандидатов началась 17 августа т.г. и продлится до 28 августа включительно. После этого, с 7 сентября до 3 октября агитационные работы кандидатов, а также с 14-го до 30 сентября проведение дебатов. К сожалению, всемирная пандемия повлияла на все сферы нашей жизни. Это требует адаптацию и в внутриполитическом процессе. Потому что, самый главный акцент – это здоровье граждан. Исходя из этого, запланирован механизм голосования в онлайн- формате во внутрипартийном отборе. Дебаты будут проведены через информационную систему «Праймериз» в официальном аккаунте партии. Кандидаты могут зарегистрироваться через сайт primaries.kz либо, по месту прописки обратиться в территориальный филиал партии и сдать документы в соответствии с требованиями. В целом, по Алматинской области зарегистрированы более 93 тысяч нуротановцев. Из них, более 70% составляют женщин, 15% молодежь. Это означает, что у нас есть возможность получение мандатов 30% женщин и 20% молодежи в местных маслихатах и Мажилисе Парламента РК. Главный результат, это как наши нуротановцы покажут своей активностью и лидерскими качествами. Конечный итог, 1-3 октября партийцы смогут проголосовать за кандидатов через мобильное приложение или веб-портал. В 3-й день голосования откроются избирательные участки в первичных партийных организациях. В селах где нет интернета, нуротановцы могут прийти в избирательные участки и проголосовать. Если Вы хотите идти к позитивным изменениям на пути развития нашей страны, я призываю вас принять участие в праймериз!

Аким Алматинской области, председатель областного филиала партии «Nur Otan» Баталов А.Г.

0
0
219

Осы тақырып бойынша