Құрманжан Аубекұлы жер мәселесі бойынша жеке сұрақтарымен тұрғындарды қабылдап, кездесу өтті
Бүгін штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы жер мәселесі бойынша жеке сұрақтарымен келген өңір тұрғындарын қабылдап, өзекті сұрақтарына жауап берді.
Елді мекен тұрғындарын қабылдау барысында Құрманжан Аубекұлы "Nur Otan" партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санап, барынша жұмыс жасап келе жатқандығын халыққа түсіндірді.
