Ұрланған телефондарды тез тауып алуға болады.
Лаңкестермен күрестегі заңды тетіктердің бірі «Байланыс туралы» заңға өзгерту енгізу. Яғни террорлық қаіп төнгенде интернет желісін айырып тастау. Бұл ірі лаңкестік актілердің алдын алу кезінде керек шара екен. Сондай-ақ елдегі барлық қалта телефондарының IMEI-код базасын жасақтау көзделуде. Бұл өзгерістер заңмен реттелсе, ұрланған телефондарды тез тауып алуға болады.
