Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Раушан Баякеева zoom платформасы арқылы «Ер есімі – ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу өтті.

Бүгін "Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық мәслихатына үміткер Раушан Баякеева zoom платформасы арқылы «Ер есімі – ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауданымызда Ұлы Жеңісті жақындатуға сүбелі үлестерін қосқан есімдері белгілі Ақымжанов Құдайберген, Найманбаев Жұмаділ, Шарипов Абак, Боранбаев Мұқа, Ақымжанова Сақыпжамал, Қыбраев Ағиса, Даутов Сраждин, Даутов Исмаил, Мусалимов Турған, Худайбердиев Абдурахман, Даутов Сауыт, Илахунова Омай, Юсупов Розәм сынды ардагерлерді еске алып, есімдерімен кеңінен таныс болдық. Кездесуде партия кандидаты Ел бірлігі мен Ұлт көшбасшысы - Елбасымен бірге қызмет еткен сындарлы жылдардағы болған жарқын кездесулер жөнінде айтып өтті. Кездесуге қатысқан ардагерлер Отан деген киелі ұғымды толыққанды түсіну әр адамның өзінің туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алатынын өз өмір өткелдерінен мысал келтіре отырып баяндап берді. Жастардың санасында Отансүйгіштік пен патриотизм киелі ұғымдары толыққанды қалыптасуы үшін әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек екендігі айтылды. "Партияның көшбасшылық қабілетін оның әрбір мүшесі өз ортасында таныта білуі керек және соған орай жауапкершілікке де ие болады. Халқымыздың арасында «Nur Otan» партиясының рөлі өте жоғары болуы керек",-деген партия үміткері "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Осы тақырып бойынша

Раушан Баякеева zoom платформасы арқылы «Ер есімі – ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу өтті. - Yvision.kz