"Рәміздер патриотизмге үндейді"
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған 4 маусым күні аудандық кітапханада ел Тәуелсіздігінің айқын белгісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған, "Рәміздер патриотизмге үндейді" атты онлайн жыр сағаты
болып өтті. Шараны аудандық кітапхананың кітапханашылары Ақмарал Алмасқызы мен Мадина Скакова жүргізді. Шара барысында кітапханашы Аягүл Аян еркін елдің елтаңбасының тарихы жайлы кең көлемде тоқталып өтсе, шекарашы қызметкерлер рәміздер күніне орай жылы лебіздері мен өлең шумақтарын мәнеріне келтіріп айтып шықты. Сонымен қатар, аудандық кітапхананың директоры Султанбекова Дария Бекжігітқызы Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері, рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп, қастерлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары қалыптасады - дей келе, бүгінгі айтулы мерекемен барша желі оқырмандарын құттықтап, шараны қорытындылады.
