ru
Default banner
Новости
Новости
5 923 жазбалар424 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Шымкент қаласында көшпелі кеңес өткізіп, оның барысында аумақтық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерін тексеру қорытындыларын жариялады, сондай-ақ олардың жұмысын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Кеңесте сөз сөйлеген Ербол Нұрғалиев 2020 жылы ЕӘҚКҚК Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында МӘС қызметіне көшпелі тексерулер жүргізгенін хабарлады.
4103 МӘС актісі ішінара тексерілді, оның ішінде әртүрлі ескертпелері бар 943 (22,9%) акт анықталды. Атап айтқанда, функционалдық бұзушылықтардың топқа және мүгедектік мерзімдеріне сәйкессіздігі, уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны көрсетілмеген, сараптамалық қорытындының негіздемесі жоқ, функционалдық бұзушылықтардың айқындылық дәрежесінің сәйкессіздігі, тіршілік-тынысының шектелу дәрежесінің сәйкессіздігі бар, оңалтудың жеке бағдарламалары негізсіз әзірленген.
Сондай-ақ, ЕӘҚКҚК МӘС басқармасы барлық 17 өңір бойынша МӘС-тің 8 500 актісін МӘС бөлімдері шығарған сараптамалық шешімдердің негізділігі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тұрғысынан ішінара тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша 935 (11%) ескерту анықталды.
Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы бақылаудың әлсірегені үшін 2020 жылғы тексеру қорытындысы бойынша мынадай тәртіптік жазалар шығарылды:
- Түркістан облысында: МӘС мәселелері жөніндегі департамент басшысының орынбасарына қатысты қатаң сөгіс түрінде, МӘС бөлімдерінің 2 басшысы жұмыстан босатылды (өз өтініші бойынша);
- Алматы облысында: МӘС мәселелері жөніндегі департамент басшысының орынбасарына, МӘС ӘББ бөлімінің басшысына қатысты;
- Жамбыл облысында: МӘС мәселелері жөніндегі департамент басшысы орынбасарының м. а., МӘС ӘББ бөлім басшысының м. а. қатысты;
- Шымкент қаласында МӘС ӘББ бөлім басшысына қатысты тәртіптік жазалау шаралары қабылданды.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/159993...

***

Председатель Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения РК Ербол Нургалиев провел в г. Шымкент выездное совещание, в ходе которого озвучил итоги проверок территориальных отделов медико-социальной экспертизы, а также дал ряд поручений по улучшению их работы.
Выступая на совещании, Ербол Нургалиев сообщил, что в 2020 году КТСЗМ проведены выездные проверки деятельности МСЭ в Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Кызылординской, Туркестанской областях и в г. Шымкент.
Было выборочно проверено 4103 акта МСЭ, из них выявлено 943 (22,9%) акта с различными замечаниями. В их числе несоответствие функциональных нарушений группе и срокам инвалидности, не указано количество дней временной нетрудоспособности, нет обоснования экспертного заключения, несоответствие степени выраженности функциональных нарушений, несоответствие степени ограничения жизнедеятельности, необоснованно разработаны индивидуальные программы реабилитации.
Также Управлением МСЭ КТСЗМ выборочно проверено 8 500 актов МСЭ по всем 17 регионам на предмет обоснованности вынесенных экспертных решений отделами МСЭ, а также оказания государственных услуг в соответствие с действующим законодательством. По итогам проверок выявлено 935 (11%) замечаний.
За ослабление контроля в организации деятельности службы медико-социальной экспертизы по итогам проверок за 2020 год вынесены дисциплинарные взыскания:
- в Туркестанской области в отношении: заместителя руководителя департамента по вопросам МСЭ в виде строгого выговора, уволены 2 руководителя отделов МСЭ (по собственному желанию);
- в Алматинской области в отношении: заместителя руководителя департамента по вопросам МСЭ, руководителя отдела ОМК МСЭ;
- в Жамбылской области в отношении: и.о. заместителя руководителя департамента по вопросам МСЭ, руководителя отдела ОМК МСЭ;
- в г. Шымкент в отношении руководителя отдела ОМК МСЭ приняты меры дисциплинарного взыскания.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/159993...