ҚР ДСМ: Елімізде жедел медициналық жәрдем автокөліктерін өндірушілер арасында бәсекелестікті дамыту керек
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жедел медициналық жәрдем қызметін қазіргі заманғы санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланған жиынға «Азия авто» АҚ, «Сарыаркаавтопром» ЖШС, «Семаз» ЖШС, «Astana Motors» ЖШС және т.б. отандық автоөндірушілер мен дистрибьюторлардың өкілдері қатысты.
