ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесуде жапондықтар медициналық форум өткізуді ұсынды
2014 жылғы 23 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова Халықаралық достық алмасу кеңесінің Орталық Азия елдерімен мәдени және экономикалық алмасу жөніндегі комитетінің жетекшісі, «Сакура Глобал Холдингс» компаниясының басқарма төрағасы Кеничи Мацумото бастаған жапондық делегациямен кездесті.
