«ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы №1041 Жарлығына сайкес ХҚКО азаматтарға соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы қызмет көрсетеді. Осы қызметті орталық қызметкері жүзеге асырады. Ол азаматтың жеке куәлігі мен паспортының түп нұсқасы негізінде ғана қабылдауы тиіс. Аталмыш қызмет электронды түрде жүргізіледі. Бекітілген стандарт бойынша 1 жұмыс күннен кешіктірілмей анықтама дайын болады. Өздеріңізге белгілі бекітілген үлгіде азаматтың атынан сауалнама толтырылады. Онда азаматтың аты-жөні, туылған жылы мен жері, тұрғылықты жері, жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі мен берілген күні және берген мемлекеттік орган атауы, сонымен қатар, азаматтың аты жөні мен қолы және сауалнама толтырылған күні көрсетіледі.

