"Жастар кадрлық резерві-2012" ашық байқауының Ережесі
«Жастар кадрлық резерві-2012» ашық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- 1. Жалпы ережелер
Жастар кадрлық резерві (бұдан әрі – ЖКР) бұл – қызметтік өсуге ынталанған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары мамандардың республикалық деректер базасы.
Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасының мүддесі үшін тиімді жұмыс істейтін кәсіби жастарды іріктеу және оларды дамыту.
Жоба қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 29 жасқа дейінгі аналитикалық ойлау қабілеті жоғары және көшбасшылық құндылықтары айқын жас азаматтарды оқытуға бағытталған.
Жоба міндеттері:
- басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, оқыту және дайындау:
- жас қазақстандықтардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасау;
- жетекші оқыту технологиялар негізінде кадрлық резерв дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
- шебер сөйлеу мәнері негіздерін бейімдеген, жеке ұстанымдарын дәлелді түрде табандылықпен жеткізе білетін жас публистикалық саясаткерлер жүйесін қалыптастыру;
- жас кадрларды Қазақстан Республикасы Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлау алды науханына, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу тәжірибесін еңгізу;
Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікпен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығымен (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) бірлесіп өткізіледі.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер болып отырған барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға танысуға ұсынылады. Осы Ереже республикалық және аймақтық БАҚ-нда жарияланады.
Байқауды өткізудің кезеңдері
1. Байқаудың іріктеу кезеңі.
1.1 Арнайы сайттың (www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі анкетаны 2012 жылдың тамыздың 1-не дейін толтыру.
Белгіленген шарттарға сәйкес келмеген, сондай-ақ қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен құжаттамалар ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды.
1.2 Сауалнамалар келесі «формальдық» міндеттемелер бойынша іріктеледі:
- Жас шамасы (29 жасқа дейін);
- Фотосурет (jpg, 800*600, ресми стилде);
- Бiлiмі (жоғары білім алғандығы жөнінде диплом болу керек);
- Жұмыс орны, лауазымы;
- Еңбек қызметі;
-Кәсiби дағдылар;
- Тілдерді меңгеру
- Компьютерді білу;
- Мемлекеттік наградалардың болуы;
- Қоғамдық қызмет;
-Авторлық жарияланымдар (монографиялар, ғылыми, публицистикалық жарияланымдар);
- Ұсыныс хаттар.
- Келесі тақырыптар бойынша эссе жазу:
- Мемлекеттік басқару;
- Бизнес және қоғамдық қызмет салаларындағы менеджмент.
Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі кезеңге 300 қатысушы іріктеледі.
1.4 Сұхбат қорытындысы бойынша 150 үздік қатысушы анықталады.
Сұхбат жергілікті жерлерде басқарушы органмен және аймақтық үйлестірушілермен жүргізіледі. Жобаның бағалау және оқыту бөліміне қатысуға мүмкіндік алған қатысушылардың соңғы тізімі республикалық сараптамалық комиссияның шешіміне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асады.
2. Байқау қатысушыларына веб-портфолио ашылады, онда білім немесе кәсіптік жетістіктерінің деңгейі, білім нәтижелері – қоғамдық жұмыстарды, жобалық тапсырмаларды, қатысушының атқарған қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
3. Байқаудың білім беру кезеңі.
3.1 Білім бағдарламасы (№1 модуль, лагерь):
- дәрiстер, мастер-класстар;
- семинарлар, жаттығулар;
- кәсiби деңгейін бағалау іс-шаралары,
3.2 Ең жоғары рейтинг жинаған үздік 100 қатысушысы жастар кадрлық резервi жобасының қорытындылары бойынша байқаудың келесі кезеңіне қатыса алады.
Әр резервшіге жетекші бекітіліп, оның көмегімен жеке даму жобалары мен жоспарлар дайындалады.
3.3 Резервшілерді жылжыту кезеңінде әр резервисттің жеке мүддесін бағалау нәтижесі бойынша жүзеге асыру жоспары дайындалады. Резервшілер мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде сынақ мерзімінен және оқыту бағдарламасынан өтеді.
Ақпарат мына телефондар арқылы: Астана қ. - +77172-36-61-91, +77172-32-71-59
Алматы қ. - +727- 279 41 26
Көкшетау қ. - +77162-40-22-70
Ақтөбе қ. - +77132-54-28-09
Талдықорган қ. - +77282-30-54-51
Атырау қ. - +77122-27-64-43
Өскемен қ.- +77232-55-37-03
Тараз қ.- +77262-45-57-89
Орал қ. - +77112-51-92-65
Қарағанды қ. - +77212-40-08-31
Қостанай қ. - +77142-51-18-42
Қызылорда қ. - +77242-27-58-23
Ақтау қ. - +77292-33-56-22
Павлодар қ. - +77182-32-89-79
Петропавл қ. - +77152-36-41-15
Шымкент қ. - +7722-23-24-36

