Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Президент Жолдауы – жарқын өріске бастайды

Онда айтылған мақсат-міндеттер еліміздің алдағы уақыттарда үдемелі дамуына үлкен серпін береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тұрғындарға түсіндіру үшін Ақсу ауданында «Есеболатов» БПҰ төрағасы Б.Нұрахметов, Ақсу аудандық партия филиалының Саяси Кеңес мүшесі Ф.Абибулаева кездесу өткізді. Жиында биылғы жолдаудың мақсат-міндеті жан-жақты түсіндірілді.

Биылғы Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы несімен маңызды? Тек еліміз емес, әлем қиын-қыстау сәттерді бастан өткеруде. Әлемді жайлаған пандемия өзгеше жұмысты талап етуде. Міне, ел президенті осы жайларды ескеріп, елдің дамуына жаңаша серпін беріп, өзгеше бағытта жұмыс істеуге бағыттайды. Жолдауда міндеттелген мақсаттарды жүзеге асырғанда бұл қиындықтан қысылмай өтеміз, - деді Ф.Абибулаева.

0
0
181

Осы тақырып бойынша