Праймеризге дайындық жұмыстары қаралды
Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев жиын уақытында өңірде жүргізілген жұмыстар жайлы есебін беріп, алдағы міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, облысымызда әр аудан-қалалық партия филиалынан ұйымдастыру комитеттері және әр бастауыш партия ұйымының жанынан 320 дауыс беру учаскелері құрылғандығын жеткізіп, праймериз ережесіне сәйкес, әр кезең бойынша атқарылатын жоспарларымен бөлісті.
