Праймериз: қоғамдық ұйым өкілдері өтініштерін білдірді
Өңірімізде мүгедектер мәселесін үнемі жоғары мінберден көтеріп жүрген «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, әрі облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Роза Ақжаркенова бүгін, партия праймеризіне қатысу бойынша құжаттарын тапсырды.
Роза Хаджи-Ахметқызы өз сөзінде «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу арқылы мен қаламыз, жалпы өңірдегі өзекті мәселелердің шешілуінде партияның ұсынып отырған мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, мүгедек азаматтардың сұрақтарының оңды қаралуына ықпалымды тигізсем деймін деп атап өтті.
