ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Праймериз мықтыларды анықтауға мүмкіндік

Праймериз мықтыларды анықтауға мүмкіндік

«Жетісу медиа алаңында өткен брифинг аясында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева 2020 жылы өткен праймериз науқаны жайлы ақпарат беріп өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша праймериз - партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет 17 тамыз бен 3 қазан аралығында республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізілді. Бұл, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі болды.

Жалпы, праймериз қатысушылар белсенділігі жоғары болды, сол белсенділіктің нәтижесінде 1108 адам тіркеліп, өңірде 1 орынға 3,8 үміткерден айналып, үлкен бәсекелестікті тудыртты.

Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында 404 немесе 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 273 немесе 25% жастар, көпбалалы аналар – 9, мүгедек жандар – 5, қандастар – 11 адамды құрады.

Қатысушылардың 60 пайыздан астамы немесе 785 үміткер праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – 323 үміткер бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі санаты – 26, облыстық мәслихаттағы депутаттық мандатқа – 132, ал аудан-қалалық мәслихаттарға 950 үміткер тіркелді.

Үміткерлер 137 113 адамның қатысуымен 2781 кездесу өткізіп, 15 768 ақпараттық насихаттық парақшалар таратып, өңірдік барлық аудан-қала, ауылдарын қамтып өтті.

«Праймериз» ақпараттық жүйесінің қосымшасына 1047 кандидат өздерінің әлеуметтік желілердегі 6 034 үгіт-насихат жұмыстарын (100%) еңгізді.

2020 жылдың 17 мен 30 қыркүйек аралығында аудан, қала көлемінде 180 пікірсайыс, 87 570 адамның қатысуымен өтті. 1047 үміткер толығымен қатысты.