Праймериз: белгілі кәсіпкер Даурен Талипов партия праймеризіне қатыспақ
ндет уақытында кәсіпкерлердің басын бір арнаға жинап, емдеу мекемелерін оттегі концентраторы, ыстық тағамдармен қамту жұмысына белсенді араласқан, жалпы, көп жылдан бері қайырымдылық жұмыстармен айналысып жүрген өңірдің белгілі кәсіпкері Даурен Талипов партия праймеризіне қатысу бойынша өтінішін білдірді. Праймеризге қатысып, өңірдің экономикасын көтеруде партия алаңы арқылы түрлі жобаларымды іске асырып, кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелердің шешілуіне өз ықпалымды тигізгім келеді. Экономика тірегі – ол кәсіпкерлер санының өсуі маңызды фактор болғандықтан, жас кәсіпкерлердің де ісін алға басуды қолға аламын деп өз ойын жеткізді
